
Облыстық әдiстемелiк орталығымен бiрлесiп «Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруға әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар барысында Департаменттің бөлім басшысы мемлекеттік аттестаттау барысында Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру бойынша баяндады.
Сонымен қатар, Облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, Жамбыл ауданы «Ұлан» бөбекжай, Еңбекшіқазақ ауданы "Нұршуақ" бөбекжай, Қарасай ауданы "Еркемай" балабақшаларының меңгерушілері iс-тәжiрибелерімен бөлiстi.