БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ

БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ

🗓️ 2024 жылдың 26 қыркүйегінде Алматы облысында бизнес-қоғамдастық алдында бақылау және қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өтті.
Бұл шарада бизнес пен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу, сол бойынша конструктивті шешімдер әзірлеу мәселелері талқыланды.
📈 Шара аясында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.С. Жиренбай Департамент тарапынан атқарылған іс-шаралар туралы баяндады.
🎙️ Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің жеке кәсіпкерлік субъектілері тарапынан лицензиялау нормаларының, балабақшалардың, мектептер мен колледждердің Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, сондай-ақ педагогтардың педагогикалық этикасының сақталуына назар аударды. 👨‍🏫👩‍🏫
📝 Сондай-ақ, ол ата-аналар қауымдастығымен ынтымақтастықты нығайту, балалардың қажеттіліктері мен олардың ата-аналарының күтілімдерін зерттеу, туындайтын мәселелерге жедел ден қою және т.б. бойынша ұсынымдар жасады.