Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметінің қорытындылары айтылды

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметінің қорытындылары айтылды

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметінің қорытындылары айтылды

🔰 Бүгін, 2024 жылғы 26 тамызда Жиренбай Е. Алматы облысының әкімі М. Е. Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2024 жылғы 8 айдағы қызметінің қорытындылары туралы баяндады.
📌 Сондай-ақ, ол мектептерді жаңғырту (66 мектеп), мектептердің қауіпсіздігі мен мектептер жанында инфрақұрылымның болуы (98 мектеп), жаңа оқу жылына дайындық (119 мектеп) мәселелері бойынша мониторинг қорытындыларын жариялады.
✅ Келесі проблемалық мәселелерге басты назар аударды. Ол:
- білім беру ұйымдары бірінші басшыларының бос жұмыс орындарының болуы, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі;
- мектептерде біліктілік санаты бар педагогтер санының жеткіліксіздігі;
- педагогикалық кадрларға жоғары қажеттілік;
- мектептердің лицензиясыз қызметі;
- санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз мектептердің жұмыс жасауы;
- а. ж. 1 қыркүйегіне қарай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынған мектептерді уақтылы тапсырмау тәуекелдерінің болуы;
- оқулықтарды мектептерге уақтылы жеткізбеу.
✏️ Облыс әкімі М. Е. Сұлтанғазиев кеңес хаттамасына енгізу үшін проблемалық мәселелерді шешу бойынша Департамент басшысы Е. С. Жиренбайдың ұсынған шараларын мақұлдады.