АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН БРИФИНГІ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН БРИФИНГІ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН БРИФИНГІ ӨТТІ

🔉Бүгін брифингте Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. Жиренбай мектептердің жаңа 2024 – 2025 оқу жылына дайындығы мониторингінің қорытындысын жариялады.
🔰Мониторинг келесі критерийлер бойынша жүргізілді:
- білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу;
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде мектептердің құрылысы;
- білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігі (бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі).
- мектептерді жаңғырту шеңберінде жаңа модификациядағы пәндік (химия, биология, физика) және робототехника кабинеттерімен қамтылуы.
- білім беру ұйымдарында интернеттің қолжетімділігі мен жылдамдығы;
📌 Сонымен қатар, спикер брифингке қатысушылардың назарын бақылау іс-шараларының қорытындыларына және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелеріне аударды.
📎 Бұл үшін қосымша қолдауды талап ететін мектептерге консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған «Елдің 943 нысаналы мектебтерін дамыту» ұлттық жобасы іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Алматы облысынан бұл жобаға 158 мектеп қатысуда.
🔉Сондай-ақ, брифингке Алматы облысы білім басқармасының басшысы С.Беспаева қатысып, жаңа оқу жылына дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралардың кейбір аспектілерін атап өтті.
🎥 Сонымен қатар, Департамент басшысы Е. Жиренбай брифинг аяқталғаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.