ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ БАҚЫЛАУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ БАҚЫЛАУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

       2024 жылғы 3-11 шілде аралығында лицензиялау жөніндегі комиссия Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының №1 мектеп-лицейінде («Негізгі орта және жалпы орта білім беру»), Қаскелең қаласының мектеп-гимназиясында («Бастауыш білім беру»), «Talim-IQ» ЖШС-нде («Бастауыш білім беру»), "Qazaq-British International school (Science&Innovation)" ЖШС-нде («Жалпы орта білім») және «Еlite school KZ» ЖШС-нде («Жалпы орта білім») лицензия алды бақылауды жүзеге асырды.
       Бақылау барысында комиссия мектептердің біліктілік талаптарына (ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығы) нақты сәйкестігін, оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық жарақтандырылуының, білікті кадрлардың болуын және т.б. басқаларын тексереді.
       Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде комиссия отырысында осы мектептердің білім беру қызметіне лицензия немесе лицензияға қосымша беру не бас тарту туралы шешім қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 57 – бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғалардың білім беру қызметі осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.