2024 жылғы 9 шілдеде Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. Жиренбай ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша анықталған проблемалар туралы баяндады.

🔰Сөз сөйлеу барысында Е. Жиренбай кеңеске қатысушылардың назарын мемлекеттік аттестаттау және мектептердің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындыларына аударды.
✅ Сонымен қатар, баяндамашы жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындықпен байланысты бір қатар проблемалық мәселелерді көтерді. Олар:
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді уақтылы тапсырылуы;
- күрделі жөндеу 2023 жылы басталған мектептерді тапсыру кестесінен артта қалуы;
- білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
- лицензиясыз мектептердің жұмыс істеуі;
- мектептерді кешенді қауіпсіздік жүйесімен толық қамтамасыз етілмеуі (мектептердің бейнебақылау жүйелерін полицияның жедел басқару орталықтарына қосу, дабыл батырмасын, турникеттерді орнату, мамандандырылған күзетті енгізу);
- облыстың бірнеше мектептерінде асханалар мен спорт залдарының болмауы;
- мектептерді оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілуі.
✏️ Сөз соңында облыс әкімі М. Сұлтанғазиев хаттамаға Департамент басшысы Е. Жиренбай баяндама барысында жасаған ұсыныстарды енгізуді тапсырды.