
Алматы облысының үш сауықтыру лагері су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 5-9 сынып аралығындағы 210 оқушыны қабылдады.
Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Тау-Жаңашар» лагерінде 69 оқушы, Талғар ауданындағы «Тау-Тұран» лагерінде 99 оқушы, Балдаурен Республикалық оқу сауықтыру лагерінде 42 оқушы ораласқан. Бүгінгі күнде оқушылардың білім алуы және демалуы үшін толық жағдай жасалған. Атап айтар болсақ «Тау тұран» және «Балдаурен» лагерлерінде сабақ оффлайн түрінде ұйымдастырылса, «Тау-Жанашар» лагері онлайн ұйымдастырылып отыр.
Сонымен қатар, Алматы қаласының студенттерінен құралған еріктілер тобы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін ат салысуда.
Аталған лагерлердің жұмысын көріп, балаларға жасалған жаңдаймен Департамент басшысы Е. Жиренбай және осы департаменттің бөлім басшысы Р. Асылбек танысты.