БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ

 Бүгін, 2024 жылғы 27 наурызда Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. Жиренбай облыстық білім басқармасының алқа жұмысына қатысты.
✏️ Департамент басшысы өз сөзінде 2023 жылы өткізілген бақылау іс-шараларын қорытындылады.
✅ Сондай-ақ, 2024 жылы білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді көздейтін мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі туралы айтып кетті (ҚР ОМ-нің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығы).
📌 Осы тексерумен 2024 жылы 45 мектеп (43 мемлекеттік, 2 жекеменшік), 2 колледж (жекеменшік) қамтылатын болады.
✅ Бүгінгі таңда Жамбыл ауданының 4 мектебінде тексеру жүргізілді. Тексерістің қорытындысы бойынша 3 мектепке қатысты әрқайсысына 45 АЕК (166 мың 140 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Ағымдағы жылғы 27 наурыздан бастап Жамбыл ауданы Шиен орта мектебінің білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия 2 айға тоқтатылды.
✏️ Сонымен қатар, Департамент басшысы қатысушылардың назарын ағымдағы жылдың 26 наурызда өткен Министрліктің аппараттық кеңесінде берілген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың тапсырмаларына аударды. Олар:
- жазғы кезеңде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын қамтылуын тиімді ұйымдастыру (балалардың қауіпсіздігі, санитарлық талаптардың сақтау, балалардың қызығушылығы бойынша бос уақытының қамтылуы, жекелеген санаттағы балаларды демалыспен барынша қамту және т. б.);
- мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілікті және жолдамалар беруді есепке алу базасын енгізу (мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар контингенті бөлігінде ҰБДҚ-ны дұрыс толтыру және т. б.);
- азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс (Білім беру органдары мен ұйымдары басшыларының ашықтығы мен қолжетімділігі, құзыреттілігі және т. б.).
📌 Өз сөзін қорытындылай келе, басқарма мен бөлімдер және білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдауды күшейту, педагогтардың біліктілік деңгейін арттыру және т. б. бойынша ұсыныстар берді.