Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
🟢 Сіздермен Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылғы қызметінің қорытындыларымен бөліскім келіп отыр.
✍️ Департамент білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінің сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау бойынша функцияларды орындайды.
🗒️ 2023 жылы іске асырылған Департамент қызметінің негізгі бағыттарына тоқталсам:
- Мемлекеттік жалпы білім беру стандарт талаптарын сақтау тұрғысынан 305 (мемлекеттік - 133 объект, жекеменшік -172) білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізілді;
- 324 мемлекеттік қызмет көрсетілді, қорытындысы бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін 6 лицензия және 4 лицензияға қосымша берілді, 71 лицензия қайта ресімделді, білім беру ұйымдарынан шықан 167 құжатқа апостиль қойылды;
- Алматы облысының барлық мектептерінің (425 мектеп) жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді, оның қорытындысы ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңесінде қаралды;
- «1000 мектеп» жобасы аясында тамақтандыруды ұйымдастыру (70 мектепте); ұлттық білім беру дерекқорын толтыру (69 мектеп); мектепішілік бақылауды ұйымдастыру (69 мектеп); оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету (69 мектеп), педагогтарды қабылдау (69 мектеп), күрделі жөндеу жүргізу (12 мектеп) мәселелері бойынша мектептерге іріктеп мониторинг жүргізілді;
- жеке және заңды тұлғалардың 222 шағымдары мен өтініштері қаралды, оның шеңберінде 16 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, қорытындысы бойынша 4 бұзушылық анықталып, 276 мың теңге сомаға айыппұл салынды.
- облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте және ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың облыс тұрғындарымен кездесулерінде Департамент басшысы облыстағы білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша (2023 ж. 2.10., 2023 ж. 13.10., 2023 ж. 20.11.) жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсыныстарды бере отырып, баяндама жасады;
-тұрақты негізде азаматтарды қабылдау, педагогтар арасында оларға әдістемелік көмек көрсету бойынша семинар-кеңестер өткізіледі, сондай-ақ білім беру процесін ұйымдастыру мәселелерінде консультативтік көмек көрсетіледі;
- Департамент қызметкерлері ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында білім беру ұйымдарының прокурорлық тексерулеріне қатысты.
🗓️ Департаменттің бір жылдағы жұмысын қорытындылай келе, біз мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде кәсіби құзыреттілікті нығайтуға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, білім органдары мен ұйымдарын консультациялық-әдістемелік қолдауды және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды жандандыруға бағытталған міндеттерді алдымызға қоямыз.
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жиренбай Ержан Сапарұлы