«50 табысты мектеп» осындай атаумен Алматы облысында жоба іске асырылуда

«50 табысты мектеп» осындай атаумен Алматы облысында жоба іске асырылуда

«50 табысты мектеп» осындай атаумен Алматы облысында жоба іске асырылуда


Мемлекет басшысы 2023 жылғы 5 қазанда өткен Республикалық педагогтар съезінде сөйлеген сөзінде мектептегі білім сапасын арттырудың түбегейлі жаңа тәсілдерінің қажеттілігін атап өтті.
Білім сапасын арттыру үшін бүгін Алматы облысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев пен Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев бекіткен 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасы іске асырылуда.
Жол картасы аясында «50 табысты мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыруға, олимпиадалық қозғалысты дамытуға, сондай-ақ ұлттық құндылықтар негізінде білім беру философиясын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.
Жобаға білім сапасы төмен мектептер қатысуда, олардың басым көпшілігі ауыл мектептері.
Жоба аясында 11 кезеңдік біліктілікті арттыру курстарымен Алматы облысы мектептерінің 3 817 педагогы және 50 директоры қамтылды, тестілеуге 210 613 оқушы қатысты.
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының табысты тәжірибесі негізінде заманауи талаптарға сәйкес әзірленді.
Сондай-ақ, жоба аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры тарапынан облыстың 50 мектебі 150 жаңа модификациялық кабинеттерімен (50 химия кабинеті, 50 физика кабинеті, 50 биология кабинеті) жабдықталды.
Сонымен қатар, дарындылықты дамыту және қолдау мақсатында Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Сүлейман Демирел атындағы университетімен бірлескен ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Бұл жобаны іске асыру мектептердің әлеуетін арттыруға және осы тәжірибені облыстың басқа мектептерінде таратуға мүмкіндік береді.