Алматы облысының мектептерінде үш ауысымдылықты жою
Бүгінде Алматы облысында 342 499 оқушы білім алатын 429 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды. Бір жыл ішінде облыста оқушылар саны 2022 жылмен салыстырғанда 12 104 оқушыға өсті.
Бұл ірі мегаполис Алматы қаласына жақын орналасқан Қарасай, Іле, Жамбыл, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы жоғары көші-қонына және саяжай алаптарына жаппай қоныстануына байланысты болып отыр.
Бұл өз кезегінде мектептердің шамадан тыс жүктемесіне және оқушы орындарының тапшылығына әкелуде. Бүгінгі күні жаңа мектептердің салынуына қарамастан, үш ауысымды мектептердің саны азаймауда.
Бүгінде облыста үш ауысымды мектеп саны 44 құрайды.
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы облысында үш ауысымды оқыту мен оқушы орындарының тапшылығын жою бойынша шаралар қабылдануда.
Ол үшін жергілікті атқарушы органдар үш ауысымды мектептерді жою бойынша қадамдық жоспар әзірледі.
2023 жылы 10 мектептің құрылысы аяқталды, ағымдағы жылдың соңына дейін 4 мектепті, 2024 жылы қалған 2 мектепті тапсыру жоспарлануда.
Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін облыста 54, 6 мың орындық 53 мектеп салынады, олар оқушы орындарының тапшылығы мәселесін толығымен шешеді.
Осылайша, үш ауысымды мектептер мәселесі 2025 жылдың соңына дейін толығымен шешу көзделенуде.