«1000 мектеп» жобасына қатысатын мектеп басшылары арасында семинар өткізілді

«1000 мектеп» жобасына қатысатын мектеп басшылары арасында семинар өткізілді

«1000 мектеп» жобасына қатысатын мектеп басшылары арасында семинар өткізілді

 

Бүгін, 2023 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Оқу-ағарту министрлігі Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті «1000 мектеп» жобасына қатысатын мектеп басшылары арасында семинар өткізді.

Алматы облысынан «1000 мектеп» жобасына 69 мектеп қатысады, оларға Департамент, Білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталық, «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы" АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалы тарапынан әдістемелік сүйемелдеу жүргізіп, консультация беріледі.

Сонымен қатар, Департамент осы мектептерге:

- мектептердің оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі;

- Ұлттық білім беру деректер базасын толтыру;

- мектепішілік бақылау жүргізу;

- педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібінің сақталуы;

- мектеп директорларын ротациялау тәртібінің сақталуы және басқа мәселелер бойынша мониторинг жүргізеді.

Семинар барысында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және өткізу бойынша жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындылары айтылды және осы бағыт бойынша одан әрі жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Семинарға қатысушылар пікір алмасуға және қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.