Лицензия берілгенге дейін рұқсаттық бақылау жүргізілді

Лицензия берілгенге дейін рұқсаттық  бақылау жүргізілді

Лицензия берілгенге дейін рұқсаттық  бақылау жүргізілді

 

          2023 жылдың 9 қарашасында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, «Атамекен» ҰКП Алматы облысы бойынша филиалы және білім басқармасының өкілдерінен тұратын комиссия лицензия берілгенге дейін рұқсаттық бақылау аясында екі мектепке барды. Олар Қарасай ауданы Батан ауылындағы мемлекеттік орта мектеп және Іле ауданы М.Түймебаев ауылындағы жеке меншік ЖШС «Монтессори Дала» мектебі.

          Мектептерді аралау барысында комиссия материалдық-техникалық жарақтандыру, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешенмен жабдықталуын, мұғалімдердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттамалармен танысты.

         2023 жылғы 13 қарашада комиссия отырысы өтеді, онда жоғарыда аталған мектептердің білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия және/немесе өтінім беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады.