
2023 жылдың 10 айындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы Алматы облысы білім басқармасының алқасында жарияланды
Кеше, 2023 жылғы 8 қарашада Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. С. Жиренбай Қонаев қаласының Мәдениет үйінің ғимаратында өткен Алматы облысы Білім басқармасының алқа жұмысына қатысты.
Білім басқармасының басшысы С.Д. Беспаеваның төрағалығымен өткен алқа жұмысына аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, мамандандырылған және арнайы облыстық мектептердің, жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының және басқа да балаларға арналған ұйымдарының басшылары қатысты.
Е. С. Жиренбай 2023 жылдың 10 айындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындыларын жариялады.
Көрсетілген мерзімде Мемлекеттік стандарт талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік аттестаттау Алматы облысының 241 білім беру ұйымдарында, оның ішінде 27 (18 мемлекеттік, 9 жеке) колледждерде, 59 мектепте (58 мемлекеттік және 1 жеке) және 155 балабақшада (23 мемлекеттік және 132 жеке) өткізілді.
Аттестаттау қорытындысы бойынша тек 75 білім беру ұйымы немесе жалпы санынан 31,1% аттестаттаудан өтті. Ол 9 колледж (7 мемлекеттік, 2 жекеменшік), 7 мектеп (барлық мемлекеттік), 59 балабақша (13 мемлекеттік және 46 жекеменшік).
Сондай-ақ, Е.С. Жиренбай «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы мен білім басқармасының қатысуымен әзірленген білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету жөніндегі Жол картасының жобасымен таныстырды.
Сонымен қатар, алқа отырысында Білім басқармасы басшысының орынбасары Г.М. Елубаева мектептердегі білім сапасының ағымдағы жағдайының мониторингтің қорытындысын жариялады.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Т. Исагулова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық қызметті ілгерлету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Сондай-ақ, алқада облыстың білім беруді дамытуға бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану, мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру, лицензия алу, Ұлттық білім беру деректер базасын толтыру, интернетпен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер көтерілді.
Алқа қорытындысы бойынша Алматы облысы Білім басқармасының басшысы қатысып отырған білім органдары мен ұйымдарының басшыларына тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берді.