Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті

Бүгін, 2023 жылғы 31 қазанда Алматы облысының сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. С. Жиренбайдың төрағалығымен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Отырысқа Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қатысты, сондай-ақ осы кеңеске Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің басшысы Ж.Н. Нұрғалымов шақырылды.

Кеңесте мұғалімдер арасында Еңбекшіқазақ ауданының А. Молдағұлова ат. мектептің директоры Ж. М. Байсенованың оқушыларды мемлекеттік аттестаттау шеңберінде кешенді тестілеу өткізу кезінде қолданылатын тапсырмалардың нұсқаларын тарату фактісі қаралды. Бұл факт лауазымды тұлғаның педагогикалық этиканы бұзуы ретінде танылды.

Бұған дейін мектеп басшысынан түсініктеме алынып, тестілеу нәтижелерінің күшін жою туралы акт жасалған болатын. Өз түсіндірмесінде мектеп директоры өз кінәсін мойындап, бұл тапсырмаларды еліміздің басқа өңірлердің педагогтерінен тұратын «Whats App» мессенджеріндегі топтан алғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, отырыс барысында Кеңес мүшелерінің пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің басшысы педагогтер тарапынан осындай фактілерге жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Сонымен бірге, Кеңес мүшелері білім органына бұзушылыққа жол берген Еңбекшіқазақ ауданы А. Молдағұлова атындағы мектеп директорына қатысты қатаң тәртіптік шараларды қолдану туралы ұсыныс жасау қажеттілігі туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Алматы облысының білім басқармасына және Еңбекшіқазақ ауданының білім бөліміне тиісті хат жолданды.