
Құрметті Алматы облысының тұрғындары, әріптестер!
Сіздерді Алматы облысы Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті атынан мемлекеттік мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға қол қойылды. Бұл ел тәуелсіздігіне алғашқы қадам болды.
Бұл мереке сіздердің жүректеріңізді бірлік пен өркендеген мемлекет құруға деген ұмтылысқа толтырсын.
Осы мерекелі күнде сіздерге зор денсаулық, игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!
Құрметпен, Алматы облысы Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Жиренбай.