
Мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері жөнінде кеңес өтті
Бүгін, 2023 жылғы 23 қазанда Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. Жиренбай Талғар қаласында өткен мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі кеңеске қатыстым.
✍🏼 Облысымыздың мектеп асханасын жалға алушылар, ата-аналар комитетінің, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері қатысқан кеңесті Алматы облысының білім басқармасы ұйымдастырды.
✍🏼 Кеңес барысында Департамент басшысы Е. Жиренбай қатысушыларды мектептерде тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша жүргізілген мониторинг қорытындыларымен таныстырды. Мониторинг Алматы облысында ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі мен 12 қазаны аралығында жүргізілді және 53 білім беру нысаны қамтылды.
✍🏼 Бұдан басқа, Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары М.Сағадиев білім беру және тамақтандыруды ұйымдастыру объектілеріне қойылатын негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға тоқталды.
✍🏼 Кеңес қатысушылары өзекті сұрақтарды қоюға және оларға жауап алуға мүмкіндік алды.