Алматы облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаев келді.

Алматы облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаев келді.

Алматы облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаев келді.

 

Бүгін, 2023 жылғы 13 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаев келді.

Сапар барысында Ғ. Б. Бейсембаев облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуі өтіп, Алматы облысының білім беру жүйесін дамыту перспективалары талқылады.

Сондай–ақ, ҚР Оқу-ағарту министрінің мектеп парламенттерінің өкілдері-оқушылармен кездесуі ұйымдастырылды. Онда оқушылар оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және қосымша білім беруді дамыту мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Ғ.Б. Бейсембаев педагогикалық еңбек ардагерлерімен, білім бөлімдерінің басшыларымен, педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен кездесу өткізді.

Министрмен кездесуде Алматы облысы Білім басқармасының басшысы С.Д. Беспаева білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, ал Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.С. Жиренбай білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндады.

Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаевтың сапары аясында білім мен балалардың құқықтарын қорғаудың түрлі мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.

Сапар соңында Министр меценаттың қаражаты есебінен салынған және 2023 жылы пайдалануға берілген Қосқұдық ауылындағы №9  орта мектебіне барды.