Кешенді тестілеу кезінде бұзушылықтарға жол берілді

Кешенді тестілеу кезінде бұзушылықтарға жол берілді

Кешенді тестілеу кезінде бұзушылықтарға жол берілді

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Еңбекшіқазақ ауданының А. Молдағұлова атындағы мектеп әкімшілігінің 4 және 9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізу кезінде тест тапсырмаларын тарату және пайдалану фактісін анықтады.
Кешенді тестілеу білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау шеңберінде өткізіледі.
Қазіргі уақытта мектеп басшысынан түсініктеме алынып, тестілеу нәтижелерінің күшін жою туралы акт жасалды.
Бұл факт туралы Алматы облысының Білім басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі хабардар етілді.
Жақын арада бұл бұзушылық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралады.
Кеңес қорытындысы бойынша осы құқық бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.