«Білім беру ұйымдарының білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Лицензиялау электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы электрондық форматта толық автоматтандырылған http//www.elicense.kz жүйесі арқылы жүзеге асады. Өтініш берушімен тікелей байланыс алынып тасталды, барлық операциялар электрондық портал арқылы жүргізіледі, бұл қызметті орындаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 04.01 - 30.09.2023 ж. аралығында мемлекеттік қызмет көрсетуге 114 өтініш қаралды, 4 өтініш қаралуда.
Қарау қорытындысы бойынша "Elite School KZ" ЖШС лицензиясына қосымша берілді, атауларының, заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты 41 мектепке, ЖШС «Частная интеллектуальная школа «Юнона», ЖМ «Немере» жалпы білім беретін мектеп», 12 колледжге және 9 мектепке лицензиялар және/немесе лицензияға қосымшалар қайта ресімделді.
Білім беру ұйымдары көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептері бойынша 49 өтініш бойынша лицензия және/немесе лицензияға қосымшалар беруден бас тартылды, оның ішінде.
17 өтініш бойынша лицензия алуға, лицензияға қосымшалар беруге-28.
лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуде-6.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында департаменттің интернет-ресурсында, әлеуметтік желіде Instagram, Facebook, Telegramm 4 жарияланым орналастырылды.
Лицензиялау толығымен электрондық форматта "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы жүзеге асырылады.