Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру ұйымдарында 2023 жылдың 9 –айында жүргізілген мемлекеттік бақылаудың қорытындылары туралы есебі
2023 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының бекітілген тізбесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 9 айында облыстың білім беру ұйымдарының 211, атап айтқанда 27 колледж, 41 мектеп және 143 балабақша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі- ҚР МЖМБС) талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтті.
Жабылуына байланысты Іле ауданындағы «Нұрсерік» бөбекжайы, «Балдырған» балабақшасы, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Солнышко-2015» балабақшасы, Ұйғыр ауданындағы «Амина» балабақшасына мемлекеттік аттестаттау жүргізілмеді.
Мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында 68 (32,2%) білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өткен, олар 9 колледж (7 мемлекеттік, 2 жекеменшік), 7 мектеп (барлығы мемлекеттік) және 52 балабақша (13 мемлекеттік, 39 жекеменшік).
143 балабақшаның 52 ғана мемлекеттік аттестаттаудан өткен: Іле ауданы – 19, Қарасай ауданы – 11, Талғар ауданы - 10, Жамбыл ауданы- 6, Еңбекшіқазақ ауданы-5, Қонаев қаласы – 1.
41 мектептің ішінен 7 аттестатталды: Жамбыл ауданы Қарғалы №2 мамандырылған гимназиясы, Іле ауданы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі, Қарасай ауданы А.Байсалбаев атындағы орта мектебі, Қонаев қаласы Д.Қонаев атындағы №1 орта мектебі, Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия, Талғар қаласындағы №8 Ю.Гагарин атындағы мамандандырылған лицей, Райымбек ауданындағы Тәліп Мұсақұлов атындағы орта мектеп.
27 колледждің 9 ғана мемлекеттік аттестаттаудан өтті, олардың 7 мемлекеттік (Алматы экономикалық колледжі, Қонаев қаласындағы көпсалалы колледжі, Шелек политехникалық колледжі, Қаракемер кәсіптік колледжі, Кольсайский профессионально-технический колледж, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі, Алматы областық колледж инновационных технологий в сфере сервиса и питания) және 2 жекеменшік колледжі (Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі және Панфилов ауылындағы көпсалалы облыстықүздіксіз білім беру колледжі)
Мемлекеттік аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзу фактілері анықталғандықтан 18 колледж (66,6%), 34 мектеп (82,9%) және 91 балабақша (63,6%) аттестаттаудан өтпеді.