Астана қаласында Республикалық педагогтер съезі өтті

Астана қаласында  Республикалық педагогтер съезі  өтті

Астана қаласында  Республикалық педагогтер съезі  өтті

         Астана қаласында Республикалық педагогтер съезі алғаш рет Мұғалімдер күніне орай өтті. 

         Президент Қасым-Жомарт Тоқаев съезге қатысушыларды кәсіби  мерекесімен құттықтап, баяндама жасады.

         Мемлекет басшысы білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, білім саласында іске асырылатын міндеттерді көрсете отырып, нақты тапсырмалар берді. Білім беру жүйесін жаңа деңгейде шығару үшін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету, барлық саланы цифрландыру  жұмыстарын жүргізу, барлық мектеп оқушыларына сапалы оқыту контенті бар озық цифрлық платформалардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, мектептерді жылдамдығы жоғары  интернетке қосу,   жайлы мектеп жобасын іске асырылып жатқандығы  туралы  айтылды.  

       «Тәрбие ісінде ұлттық педагогика  бастауларын да назардан шығармаған жөн. Балаларымыздың  бойына қазақтың салт-дәстүрі мен  құндылықтарын сіңіру аса маңызды»- деді Президент.

       Аталған шараға Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ажикенова Г.С. қатысты.

       Съез әрбір ұстаздың кәсіби өсуі мен білімін дамытудың жаңа кезеңі болары сөзсіз.