
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекимовамен кездесу
Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекимова Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтегі мінсіз әдеп және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында кездесу өткізілді. Жиынға Алматы облысы бойынша мемлекеттік істер агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері қатыстып, мемлекеттік әдеп сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында қатысушылар ой – пікірлерімен бөлісті.