
Алматы облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы азаматтарды қабылдау өткізді
Алматы облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. Жиренбай Райымбек, Кеген және Ұйғыр аудандарында азаматтарды қабылдады.
Азаматтарды қабылдау барысында Е. Жиренбай педагогтермен және ата-аналар қоғамымен кездесіп, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндірді, сондай-ақ аудан тұрғындарының тілектерін тыңдады.
Кеген ауданында педагогтер санаттар үшін үстеме ақы төлеу, іссапар шығындары және т.б. бойынша сұрақтарымен жүгінді.
Райымбек ауданында тұрғындар Шығармашылық орталығына арналған жаңа ғимарат салуға қатысты мәселелерді көтерді, себебі 1960 жылы салынған, онда балалардың қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр (қазіргі уақытта орталықта 300-ден астам бала қосымша біліммен қамтылған, сондай-ақ бұл орталықтың ауылдарда 1500-ден астам бала қосымша білім алатын өз филиалдары бар.
Сонымен қатар, Жандосов атындағы орта мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы осы мектеп ғимаратында жұмыс істейтін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті басқа ғимаратқа көшіру жөнінде өтінішін білдірді.
Ұйғыр ауданында педагогтер педагогтерді аттестаттау, мектептің жаңа ғимаратына көшуіне байланысты лицензияны және оларға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, ұлттық білім беру деректер базасының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарды айтты.
Азаматтарды қабылдау барысында келіп түскен барлық ұсыныстар мұқият зерделеніп, қаралады және қажет болған жағдайда уәкілетті органдарға жіберіледі.