
Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі өткізілді.
Іс-шара "Әділ Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт" бастамасымен өтті.
Алматы облысында білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі Есік қаласында өтті, оған еліміздің басқа өңірлерінен келген педагогтар қатысты.
Тамыз кеңесі аясында "білім беру технологиялары" бағыты бойынша төрт секцияның жұмысы ұйымдастырылды.
Осы секциялардың біріне Алматы облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е. С. Жиренбай қатысты.
Секция жұмысында сапалы білім берудегі заманауи технологиялардың тиімділігі, білім берудегі биоақпарат пен синергетиканы пайдалану, жаратылыстану пәндерін оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдану және т.б. мәселелер қарастырылды.
Бағдарлама бойынша педагогика ғылымдарының докторы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының профессоры Караев Ж.А., педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Вассерман Ф. Я., "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" өкілдері, оқу-әдістемелік орталықтардың, мектептердің басшылары, педагогтар сөз сөйледі.