Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Алматы облысының білім беру объектілері мен оқушылардың білім алуы ұйымдастырылған орындарына баспасөз туры

Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Алматы облысының білім беру объектілері мен оқушылардың білім алуы ұйымдастырылған орындарына баспасөз туры

Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Алматы облысының білім беру объектілері мен оқушылардың білім алуы ұйымдастырылған орындарына баспасөз туры

2023 жылғы 22 тамызда білім беру объектілері бойынша күрделі жөндеу және оқушылардың орналасу орындарына пресс-тур жүргізілді.
Пресс-тур барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Талғар ауданы Белбұлақ ауылының № 10 орта мектебіне және Іле ауданы Екпінді ауылының № 2 орта мектебіне барып, білім беру объектілерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу барысымен танысты.
Сонымен қатар, журналистерге аталған мектептердің оқушыларын оларды оқытуды ұйымдастыру үдерісімен танысуға мүмкіндік берілді.
Белбұлақ ауылының № 10 ОМ оқушылары үшін оқыту Белбұлақ ауылының № 32 ОМ, ал Екпінді ауылының № 2 ОМ оқушылары үшін Екпінді ауылының № 48 ОМ ұйымдастырылды.
Анықтама: қазіргі уақытта облыстың 10 мектебінде күрделі жөндеу жүргізілуде: Қонаев қаласында-1 мектеп (№4 ОМ (оқушыларды оқитатын орны – ОМГ және жаңа мектепте), Еңбекшіқазақ ауданында-3 мектеп (Абылай хан ат. №4 ОМ (оқушыларды оқитатын орны-жаңа мектеп), А. Малкеев ат. БИЛ – интернат (оқушыларды оқитатын орны – Каракемер кәсіптік колледжі), Абай атындағы Шелек орта мектебі – Ә. Молдағұлова ат. ОМ, Розыбакиев ат. ОМ, Бижанов ат. ОМ), Қарасай – 1 мектеп (Қ. Сәтбаев ат. ОМ (оқушыларды оқитатын орны – жаңа мектепте), Кеген – 2 мектеп (Қ. Нұрпейісұлы ат. ОМ, Жаңабаев ат. ОМ (оқушыларды оқитатын орны – А. Серкебаев ат. ОМ), Іле – 1 мектеп (Екпінді а. № 2 ОМ), Талғар – 2 мектеп (Белбұлақ а. № 10 ОМ және Нұра а. № 12 ОМ). Шартқа сәйкес күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі 6 айдан 11 айға дейін. 2023 жылдың соңына дейін 2 білім беру нысанын, 2024 жылы 8 нысанды аяқтау жоспарлануда.

https://www.nur.kz/society/2033476-upravlenie-obrazovaniya-organizovalo-press-tur-po-shkolam-almatinskoy-oblasti-posle-kapremonta/?utm_source=web-share-api