Алматы облысының білім беру ұйымдарында оқушыларға материалдық және қаржылық көрсетілген көмектің орындалуына мониторинг жүргізілді
Алматы облысының Білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаменті тарапынан ағымдағы жылдың 7-11 тамызы аралығында Алматы облысының білім беру ұйымдарында оқушыларға материалдық және қаржылық көрсетілген көмектің орындалуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында облыс бойынша жалпы мектеп санынан 71 мектеп таңдап алынды.
Мониторинг кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне 2022-2023 оқу жылында қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау және есепке алу қағидаларына сәйкес көмекке мұқтаж балаларды анықтау, оларды санаттарға жатқызу бойынша мектеп басшылығы тарапынан атқарылған жұмысына және білім алушыларға мектеп формасы мен кеңсе-жарақтарына бөлінген қаржының ата-аналар тарапынан мақсатты жұмсалғандығына зерделеу жүргізілді. 71 мектепте 3163 оқушы материалдық және қаржылай көмек алған, оның ішінде АӘК алатындардың отбасынан – 1036 білім алушы, әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан – 436, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын бала – 161, өзге де санаттағы оқушылар – 1538.