Жаңа оқу жылына дайындығы бойынша облыс мектептеріне мониторинг жүргізілді
Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыс бойынша барлық 425 орта білім беру мекемелеріне 2023-2024 оқу жылына дайындығы бойынша мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы интернет, күрделі және ағымдағы жөндеу, қауіпсіздік, санитралық тораптар (дәретхана), спорт залдар, асханалар, пәндік кабинеттердің жағдайы қаралды. Мониторинг қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқару органдарына жолданатын болады.