Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жоспардан тыс тексерулер
2023 жылдың 1 жартыжылдығында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің атына азаматтардан 100 өтініш келіп түсті. Келіп түскен барлық өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі- Кодекс) талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Кодекстің 65-бабының 1-тармағы бойынша 63 өтініш басқа органдарға қарау үшін қайта жіберілді, 29 өтініш бойынша түсініктемелер берілді. 7 өтініш бойынша жоспардан тыс тексерулер тағайындалды және жүргізілді, оның 6 мектептерде және 1 жекеменшік балабақшада өткізілді. Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында және Талғар ауданы №31 орта мектепте тараптардың татуласуына байланысты тексеру тоқтатылды, 3 тексеру қорытындысы бойынша (2 мектеп, 1 балабақша) заң бұзушылық анықталған жоқ.
Іле ауданының №12 орта мектебіне жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Іле ауданының білім бөліміне хат жолданы.
Еңбекшіқазақ ауданы М.Әуезов атындағы орта мектепте білім беру салласындағы анықталған заңнама нормаларын бұзу фактілері бойынша Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 409 бабы 6-бөлігімен лицензияның қолданылуын тоқтата тұрумен 1 әкімшілік іс қозғалды. Департамент басшысының құқықтарымен кінәлі тұлғаға 15 АЕК көлемінде жалпы сомасы 51 750 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 7-3-бөлігімен педагог қызметкерлерге тауар сатып алу бойынша міндеттер жүктеген фактісі бойынша лауазымды тұлғаға ескерту туралы Қаулы шығарылды.