
Оқу жылына дайындық барысы
Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.С. Жиренбай Кеген ауданына жұмыс сапары барысында Кеңес Нұрпейісов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл мектепте күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 29 мамырында басталды. Бүгінгі күні нысанда демонтаж жұмыстары аяқталып, сейсмикалық реттеу жүргізілуде. Келісімшарт бойынша жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қазан айы. Кеген ауылындағы тағы бір білім беру ұйымына, Өжек Жаңабаев атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қазіргі уақытта демонтаж жұмыстары басталды.