
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өз қызметі барысында білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
2023 жылғы маусым айының 29-30 күндері Алматы облысы Райымбек және Кеген аудандарында кездесулер ұйымдастырылды. Тақырыптық жиынға аудандық білім бөлімдері, мектеп, балабақша басшылары қатысты. Бас қосуда мемлекеттік бақылау шаралары жайында баяндамалар жасалды. Іс-шаралар барысында 2022 жылда және 2023 жылдың 1 жарты жылдығында облыстың білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету және әр аудандағы мектептердің кадрлық құрамы, материалдық-техникалық жарақтандырылуы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы айтылып, слайдтар көрсетілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының жыл сайынғы өзін-өзі бағалауды жүргізуі бойынша түсіндірмелер берілді. Департамент басшысы Жиренбай Е.С. балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балалар арасындағы суицидтің, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.