Мемлекеттік аттестаттау нәтижелерін талдау

Мемлекеттік аттестаттау нәтижелерін талдау

 

Мемлекеттік аттестаттау нәтижелерін талдау

 

Бүгін Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.С.Жиренбайдың төрағалығымен өткен аптада мемлекеттік аттестаттау жүргізілген Қонаев қаласындағы «Лучик» балабақшасы және Жамбыл ауданындағы «Мерей-2016» балабақшасының ұжымдарымен ZUM-конференция өтті. Отырыс барысында білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, аттестаттау комиссиясының төрайымы Ажикенова Г.С. мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын  бұзушылықтарға жан-жақты тоқталып, ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне ерекше назар аудард ы.Конференцияға мемлекеттік аттестаттауды жүргізген сарапшылар қатысты.

Әңгіме соңында Департамент басшысы, аттестаттау комиссиясының төрағасы, сарапшылар педагогтердің сұрақтарына жауап беріп, балабақшалар қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.