
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы орынбасарымен кездесу өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменова Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар Департамент қызметкерлерін кәсіби мерекемен – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады.
Кездесу барысында мемлекеттік бақылау шаралары және нормативтік құқықтық актілер бойынша пікір алмасты. Департамент тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, қызметкерлер сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік алды.
Кездесу соңында төраға орынбасары Департамент жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.