
«Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында өткен облыстық ата-аналар форумының жұмысына қатысу туралы
2023 жылдың 30 мамырында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жиренбай Ержан Сапарұлы Алматы облысы білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып, Есік қаласында өткен «Ұрпақтар сабақтастығы» облыстық ата-аналар форумының жұмысына қатысты.
Ата-аналар форумының басты мақсаты: ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау, отбасы институты мен ата-аналар жауапкершілігінің маңызына назар аудару, тәрбие процесіндегі ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың рөлін арттыру.
Ата-аналардың алдында тұрған ең басты міндет - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өресі биік ұрпақ тәрбиелеу екені форумда сөйлеушілердің басты тезисі болды.
Еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие беру тек балабақша, мектеп қабырғасында емес, әсіресе отбасында басталатынын, бүкіл қоғамға ортақ іс екенін ұмытпайық.