2023 жылдың 15 – 19 мамыр аралығындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

2023 жылдың 15 – 19 мамыр аралығындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

2023 жылдың 15 – 19 мамыр аралығында 12 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша «Алматы облысының білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақбота» балабақшасы» МКҚК, «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы» МКҚК,   «Алматы облысының білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұр- Ай» балабақшасы» МКҚК,  «Жанерке» балабақшасы» МКҚК, «Алматы облысының білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Санаторлық №5 «Айналайын» балабақшасы» МКҚК,  Қонаев қаласындағы «Балбөбек» балабақшасы, Талғар ауданындағы «EL Darasy» ЖШС «АйЯ» бөбекжай- балабақшасының  білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес.

 «Алматы облысының білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 бабалақшасы» МКҚК, «Алматы облысының білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақ көгершін» балабақшасы» МКҚК,  Қарасай ауданы «Асыл- Айым -1»балабақшасы» ЖШС, Іле ауданы ЖК «Сезім» және «Айсұлтан» жекеменшік бөбекжай-балабақшаларының білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес.