Бақылау шараларының қорытындылары
Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2022 жылы 258 профилактикалық бақылау шараларын жүргізді, оның ішінде:
- мемлекеттік аттестаттау – 194;
- нұсқаманың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексерулер - 25;
- өтініштерді қарау бойынша жоспардан тыс тексерулер – 28;
- басқа органдармен тексерулерге қатысу және материалдарды қарау – 11.
Өткізілген шаралардың қорытындысы бойынша жергілікті атқару органдарына хаттар жолданып, қабылдаған шаралар:
Жамбыл ауданы А. Бейсеуов атындағы ОМ, Іле ауданының №1 ОМ, Талғар ауданының № 11 ОМ, Көксу ауданы Алғабас ОМ жаңа модификациядағы физика, химия кабинеттері, Қонаев қ. № 1 Алтынсарин ОМ жаңа модификациялы химия кабинеті, спорт алаңы, Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов атындағы ОМ, Іле ауданының №9 ОМ жаңа модификациядағы химия кабинеттері, Іле ауданының №29 ОМ жаңа модификациядағы биология кабинеті, Еңбекшіқазақ ауданы Абдуллин атындағы ОМ, Панфилов ауданы Қонаев ОМ жаңа модификациядағы физика кабинеттері берілді.