2023 жылдың 27 – 31 наурыз аралығында 11 мектепке мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша Іле ауданы «М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі» КММ, Қонаев қаласы «Д.Қонаев атындағы №1 орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектебі» КММ білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес.
Талғар ауданы «№42 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Қонаев қаласы «А.Жұбанов атындағы №5 орта мектебі» КММ, «Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебі» КММ, Іле ауданы «№25 орта мектеп» КММ, Жамбыл ауданы «Қарғалы №3 орта мектеп» КММ, «Жайсаң орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, Ұйғыр ауданы «Тигермен орта мектебі» КММ, Еңбекшіқазақ ауданы «Жекеменшік гуманитарлық гимназиясы» мекемесінің білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес.