2022 жылы Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің атына азаматтардан 285 өтініш келіп түсті. Келіп түскен барлық өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі- Кодекс) талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Кодекстің 65-бабының 1-тармағы бойынша 113 өтініш басқа органдарға қарау үшін қайта жіберілді, 17 өтініш қараусыз қалдырылды, 127 өтініш бойынша түсініктемелер берілді. 28 өтініш бойынша жоспардан тыс тексерулер тағайындалды және жүргізілді, оның 3-і білім бөлімдерінде (Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі), 2-і балабақшаларда, 2-і колледжде, 21-і жалпы білім беретін мектептерде өткізілді. Анықталған заңнама нормаларын бұзушылықтар бойынша барлығы 18 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстар Республикасы Кодексінің 464-бабы 1-бөлігі бойынша 13 білім беру ұйымының лицензиясы тоқтатыла отырып, 4-11-бабы 1 тармағы, 409-4 бабы 3 және 6 бөлігі бойынша 23 ұйғарым енгізілді. Жалпы сомасы 1026105 теңгеге 335 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.