Бүгін Комитет өкілдері, білім басқармасы және аудандық білім бөлімі, мектеп директорымен бірлесіп Алматы облысы Іле ауданындағы мектептердің бірінің педагогикалық ұжымында туындаған проблемалық жағдайды қарастырып, талқылады.
Мектеп басшысы, аудандық білім бөлімі өкілдеріне Комитет тарапынан мәселені шешу үшін шараларды тез арада қабылдау қажеттігі айтылды.
Педагогикалық ұжымда адамгершілік және мәдени құндылықтарды сақтау – кез келген мектептің табысты болуының кепілі деп есептейміз.
Педагогикалық қызметте мұғалімнің кәсіби құзіреттілігімен қатар оның тұлғалық қасиеттері, этикалық нормалары мен ұстанымдары да маңызды орын алатыны белгілі.
Оның ішінде этиканың рөлі жетекші рөлдердің бірі болып табылады, өйткені мұғалім - үлгі тұлға болғандықтан, оның мінез-құлқы ұжымдағы қарым-қатынасына тікелей әсер етеді.
Сондықтан Комитет бүкіл педагогикалық қауымды бір-біріне толерантты болуға және ұжымда туындаған мәселелерді шешуде ынтымақтастық қағидаттарын сақтауға шақырады.