Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қорытындылары
2022 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының бекітілген тізбесіне сәйкес, облыстың білім беру ұйымдарының барлығы 100% (194), атап айтқанда 4 колледж, 50 мектеп, және 140 балабақша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі- ҚР МЖМБС) талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтті. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында 4 колледж, 44 мектеп және 117 балабақша қызметінде ҚР МЖМБС бұзушылықтары анықталды. Талдау қорытындысы бойынша Балқаш, Кеген, Райымбек, Ұйғыр ауданыдарының бірде бір білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді.
140 балабақшаның 26-сы ғана мемлекеттік аттестаттаудан өткен, оның 15-сі жеке меншік: Талғар ауданы -5, Қарасай ауданы – 4, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары – 2 балабақшадан. Мемлекеттік аттестаттаудан 8 мемлекеттік балабақша өтті: Қарасай ауданы – 3, Жамбыл ауданы – 2, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары және Қонаев қаласынан – 1 балабақшадан.
50 мектептің ішінен 6- уы аттестатталды: Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарынан 2 мектептен, Іле, Қарасай аудандарынан 1 мектептен.
Биылғы оқу жылында 4 колледжге мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, бірақ барлығы аттестатталмады.
Мемлекеттік аттестаттау барысында Қазақстан Республикасының Жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары бұзылғаны анықталды.