Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары А. Кулахметова және бөлім басшысы Г. Ажикенова ағымдағы жылдың 24-25 тамыз аралығында “Әділетті Қазақстан:сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” Республикалық білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында Тараз қаласында өткен “Білім саласындағы бақылау және бағалау” тақырыбындағы панельдік секция отырысына және пленарлық секциясына қатысты. Жұмыс барысында үздік білім беру ұйымдарының тәжірибелерімен және Тараз қаласының тарихи-мәдени нысандарымен танысты. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар іс-тәжірибелерімен бөлісті.