Меню

Страницы

Статья

Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Алматы облысының білім беру объектілері мен оқушылардың білім алуы ұйымдастырылған орындарына баспасөз туры

2023 жылғы 22 тамызда білім беру объектілері бойынша күрделі жөндеу және оқушылардың орналасу орындарына пресс-тур жүргізілді.
Пресс-тур барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Талғар ауданы Белбұлақ ауылының № 10 орта мектебіне және Іле ауданы Екпінді ауылының № 2 орта мектебіне барып, білім беру объектілерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу барысымен танысты.
Сонымен қатар, журналистерге аталған мектептердің оқушыларын оларды оқытуды ұйымдастыру үдерісімен танысуға мүмкіндік берілді.
Белбұлақ ауылының № 10 ОМ оқушылары үшін оқыту Белбұлақ ауылының № 32 ОМ, ал Екпінді ауылының № 2 ОМ оқушылары үшін Екпінді ауылының № 48 ОМ ұйымдастырылды.
Анықтама: қазіргі уақытта облыстың 10 мектебінде күрделі жөндеу жүргізілуде: Қонаев қаласында-1 мектеп (№4 ОМ (оқушыларды оқитатын орны – ОМГ және жаңа мектепте), Еңбекшіқазақ ауданында-3 мектеп (Абылай хан ат. №4 ОМ (оқушыларды оқитатын орны-жаңа мектеп), А. Малкеев ат. БИЛ – интернат (оқушыларды оқитатын орны – Каракемер кәсіптік колледжі), Абай атындағы Шелек орта мектебі – Ә. Молдағұлова ат. ОМ, Розыбакиев ат. ОМ, Бижанов ат. ОМ), Қарасай – 1 мектеп (Қ. Сәтбаев ат. ОМ (оқушыларды оқитатын орны – жаңа мектепте), Кеген – 2 мектеп (Қ. Нұрпейісұлы ат. ОМ, Жаңабаев ат. ОМ (оқушыларды оқитатын орны – А. Серкебаев ат. ОМ), Іле – 1 мектеп (Екпінді а. № 2 ОМ), Талғар – 2 мектеп (Белбұлақ а. № 10 ОМ және Нұра а. № 12 ОМ). Шартқа сәйкес күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі 6 айдан 11 айға дейін. 2023 жылдың соңына дейін 2 білім беру нысанын, 2024 жылы 8 нысанды аяқтау жоспарлануда.

 

https://www.nur.kz/society/2033476-upravlenie-obrazovaniya-organizovalo-press-tur-po-shkolam-almatinskoy-oblasti-posle-kapremonta/?utm_source=web-share-api 

Дата публикации
22 августа 2023
Дата обновления
22 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 января 2024
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ БЕЛГІЛЕНДІ
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
25 августа 2023
Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары А. Кулахметова және бөлім басшысы Г. Ажикенова ағымдағы жылдың 24-25 тамыз аралығында “Әділетті Қазақстан:сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” Республикалық білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында Тараз қаласында өткен “Білім саласындағы бақылау және бағалау” тақырыбындағы панельдік секция отырысына және пленарлық секциясына қатысты.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы