Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2024 жылдың 9 айында жүргізген мемлекеттік аттестаттау мен бақылау шараларының қорытындысын шығарды.

           Алматы облысында 1096 балабақша, оның 101 мемлекеттік, 995 жекеменшік, онда 87 730 бала тәрбиеленуде. 477 мектеп жұмыс жасайды, оның 433 мемлекеттік, 44 жекеменшік, онда 367 239 бала білім алуда. 22 349 білім алушыны қамтыған 40 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс жасауда.

Департамент тарапынан 2024 жылдың басынан бері 166 бақылау іс-шаралары жүргізілді:

  • білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауы – 194;
  • біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру – 26;
  • бару арқылы профилактикалық бақылау – 1.

Мемлекеттік аттестаттау

           2024 жылы мемлекеттік аттестаттаумен 302 білім беру ұйымын қамту жоспарлануда, оның ішінде 100 балабақша мен 202 мектеп бар.

           Бүгінгі күнге дейін, 2024 жылы жоспарланған 100 балабақшаның 90 балабақшасында немесе 2024 жылға жоспарланғаннан 90%-да аттестаттау өткізілді. Мемлекеттік аттестаттаудан тек 23% немесе 21 балабақша (10 мемлекеттік және 11 жеке меншік): Еңбекшіқазақ ауданы-7 (3 мемл. және 4 жекеменшік), Қарасай ауданы-4 (1 мемл. және 3 жекеменшік), Жамбыл - 4 (3 мемл. және 1 жекеменшік), Іле ауданы-4 (1 мемл. және 3 жекеменшік), Қонаев қ. - 2. 1 балабақша жабылды) сәтті өтті.

Балабақшаларда аттестаттау нәтижелері бойынша анықталған негізгі кемшіліктер:

  • мемлекеттік стандарт, үлгілік оқу жоспары, оқу бағдарламалары талаптарына сәйкес келмейтін оқу жоспарлары мен білім беру қызметі, білім беру салалары анықталды (32 балабақшада). Балқаш ауданы (1): МКҚК «Балауса», Еңбекшіқазақ ауданы (7): МКҚК «Үміт», МКҚК «Нұр», ЖШС ББ «Мейірімді періште», ЖШС «АқЖелкен Есік», ЖШС «Рахат», ЖШС «Әлішер», ЖШС «Эмир», ЖШС «Тұрар-Ана», Жамбыл ауданы(3): ЖШС «Жаңа шырақ», ЖШС «Айкөркем-2017»ББ, ЖШС «Димаш-2017»ББ, Іле ауданы(11): ЖК «Курманбаева» ББ «Балдәурен», ЖШС «Бабаев Р.Н» «Айшона», ЖШС «B.B.A.KZ» «Құлыншақ» ББ, ЖШС «Akzoltai» ББ «Ақжол», ЖШС «Асылым» ББ, ЖШС «Көктем 2018» «Tom & Jerri» ББ,  ЖК «Bereke» «Bereke» ББ, ЖШС «Байтерек садик» ББ, ЖК «Фиксики» ББ, ЖШС «Три на VESa», ЖШС «Тамерлан-1» ББ,  Кеген ауданы(1): МКҚК «Балауса», Қарасай ауданы(8): ЖШС «Диас.ДД» ББ,  ЖШС «Карина и К»:, ЖШС «Ықылас-1», ЖШС «Гулаш», ЖШС «Бейбитбай», ЖШС «Хан-Сұңқар» ББ, ЖШС «Кун Хадиша», ЖШС «Мирас12», Ұйғыр ауданы(1): ЖШС «Шадмина»,
  • мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелері (педагогтар бойынша) талаптарының сақталмауы (25 балабақшада). Еңбекшіқазақ ауданы(7): МКҚК «Нұр», ЖШС «Қуаныш», ЖШС «Рахат», ЖШС «Әлішер», ЖШС «Балапанчик-2018», ЖШС «Эмир», ЖШС «Асыл –А 2017» ББ, Жамбыл ауданы(1): ЖШС «Айкөркем-2017»ББ, Іле ауданы(9): ЖК «Курманбаева» ББ «Балдәурен», ЖШС «ADINA AIDANA» «Айдана», ЖК «Фиксики» ББ, ЖШС ББ «Байтерек садик», ЖШС «Alim Kids» «Алим» ББ, ЖШС «Три на VESa», ЖШС «Асылым» ББ, ЖШС «Руслан 777» «Кәусар бұлақ» ББ, ЖШС «Көктем 2018» «Tom & Jerri»ББ,  Қарасай ауданы(6): ЖШС «Диас ДД» «Диас ДД-1», ЖШС «Бейбитбай», ЖШС «Немере» ББ, ЖШС «BALAPAN LTD», ЖШС «Гулаш», ЖШС «AK-SHATAU» ББ «Мерей», Ұйғыр ауданы(2): ЖШС «Зикрьяров Т» «Звездочка»ББ, ЖШС «З.Р.Шаймерденова» ББ «Балдәурен».
  • балалар даму мониторингін қамтамасыз ететін мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің оқыту нәтижелерінің болмауы (21 балабақшада). Еңбекшіқазақ ауданы(7): ЖШС ББ «Мейірімді періште», ЖШС «АқЖелкен Есік», ЖШС «Балапанчик-2018», ЖШС «Тұрар-Ана», ЖШС «Эмир», ЖШС «Көркем & М», ЖШС «Жаңа шырақ» ББ, Жамбыл ауданы(2): ЖШС «Асыл –А 2017» ББ, ЖШС «Mini Bambini», Іле ауданы(4): ЖК «Фиксики» ББ, ЖШС «Три на VESa», ЖШС «B.B.A.KZ» «Құлыншақ» ББ, ЖШС «Асылым» ББ, Қарасай ауданы(5): ЖШС «Бейбитбай», ЖШС «Ықылас-1», ЖШС «Хан-Сұңқар» ББ, ЖШС «Гулаш», ЖШС «Мирас12», Райымбек ауданы(1): ЖШС «Халел Омаров» «Гаухар»ББ, Ұйғыр ауданы(2): ЖШС «Шадмина» ББ, ЖШС «Зикрьяров Т» «Звездочка»ББ.
  • мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізілмеген (бастапқы 19 балабақшада) Еңбекшіқазақ ауданы(5): ЖШС ББ «Мейірімді періште», ЖШС «Қуаныш», ЖШС «Тұрар-Ана», ЖШС «Эмир», ЖШС «Жаңа шырақ», Жамбыл ауданы(1): ЖШС «Айкөркем-2017»ББ, Іле ауданы(7): ЖШС «Akzoltai» ББ «Ақжол», ЖШС «Інжу-Жібек», ЖК «Фиксики» ББ, ЖШС «Три на VESa», ЖШС «B.B.A.KZ» «Құлыншақ» ББ, ЖШС «Асылым» ББ, ЖК «Курманбаева» ББ «Балдәурен», Қарасай ауданы(4): ЖШС «Гулаш», ЖШС «Ықылас-1», ЖШС «Еркежан ББ», ЖШС «Хан-Сұңқар» ББ, Ұйғыр ауданы(2): ЖШС «З.Р.Шаймерденова» ББ «Балдәурен», ЖШС «Зикрьяров Т» «Звездочка»ББ  және қорытынды (17 балабақшада) Еңбекшіқазақ ауданы(4): ЖШС «АқЖелкен Есік», ЖШС «Тұрар-Ана», ЖШС «Эмир», ЖШС «Рахат», Жамбыл ауданы(6): ЖШС «Жаңа шырақ», Іле ауданы(1): ЖК «Курманбаева» ББ «Балдәурен», ЖШС «ADINA AIDANA» «Айдана», ЖК «Фиксики» ББ, ЖШС «ASHA-19» «Kubikids» ББ; ЖШС «Три на VESa», ЖШС «Асылым» ББ  Кеген ауданы (1): МКҚК «Балауса», ЖШС «Тамерлан-1» ББ, Қарасай ауданы(4): ЖШС «Еркежан ББ», ЖШС «Хан-Сұңқар» ББ, ЖШС «Кун Хадиша», ЖШС «Гулаш», Ұйғыр ауданы(1): ЖШС «Зикрьяров Т» «Звездочка»ББ.
  • оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сақталмауы (35 балабақшада). Еңбекшіқазақ ауданы(9): МКҚК «Үміт», ЖШС ББ «Мейірімді періште», ЖШС «АқЖелкен Есік», ЖШС «Рахат», ЖШС «Қуаныш», ЖШС «Әлішер», ЖШС «Көркем & М», ББ, ЖШС «Тұрар-Ана», ЖШС «Эмир», Жамбыл ауданы(3): ЖШС «Жаңа шырақ», ББ, ЖШС «Айкөркем-2017»ББ, ЖШС «Димаш-2017» ББ, Іле ауданы (10): ЖК «Курманбаева» ББ «Балдәурен», ЖШС «Akzoltai» ББ «Ақжол», ЖК «Фиксики» ББ, ЖК «Bereke» «Bereke» ББ, ЖШС ББ «Байтерек садик», ЖШС «ASHA-19» «Kubikids» ББ; ЖШС «Три на VESa», ЖШС «B.B.A.KZ» «Құлыншақ» ББ, ЖШС «Асылым» ББ, ЖШС «Тамерлан-1» ББ, Кеген ауданы(1): МКҚК «Балауса», Қарасай ауданы (10): ЖШС «Дәстүр» ДЦ, ЖШС «Диас.ДД» ББ, ЖШС «Ықылас-1», ЖШС «Бейбитбай», ЖШС «Айдана Балапап 1» ББ, ЖШС «Карина и К» ББ, ЖШС «Хан-Сұңқар» ББ, ЖШС «Хан-Ханзада», ЖШС «Кун Хадиша», ЖШС «BALAPAN LTD», Райымбек ауданы (1): ЖШС «Халел Омаров» «Гаухар» ББ, Ұйғыр ауданы(1): ЖШС «Шадмина» ББ.
  • жас топтарын қалыптастыру талаптарының сақталмауы (34 балабақшада). Балқаш ауданы (1): МКҚК «Балауса», Еңбекшіқазақ ауданы(9): МКҚК «Келешек, ЖШС ББ «Әйгерім-2018», ЖШС ББ «Мейірімді періште», ЖШС «АқЖелкен Есік», ЖШС «Қуаныш», ЖШС «Әлішер» ББ, ЖШС «Меиірім-2019», ЖШС «Балапанчик-2018», ЖШС «Тұрар-Ана», Жамбыл ауданы(3): МКҚК «Айголек», ЖШС «Жаңа шырақ», ЖШС «Асыл –А 2017» ББ, Іле ауданы(10): ЖК «Курманбаева» ББ «Балдәурен», ЖШС «Тамерлан-1» ББ, ЖК «Bereke» «Bereke» ББ, ЖШС «Alim Kids» «Алим» ББ, ЖШС «Три на VESa», ЖШС «B.B.A.KZ» «Құлыншақ» ББ, ЖШС «Асылым» ББ, ЖШС «Руслан 777» «Кәусар бұлақ»ББ, ЖШС «Көктем 2018» «Tom & Jerri» ББ, ЖШС ББ «Байтерек садик» Кеген ауданы(1): МКҚК «Балауса», Қарасай ауданы(7): ЖШС «AK-SHATAU» ББ «Мерей», ЖШС «Диас.ДД» ББ, ЖШС «Еркеназ-Д», ЖШС «Диас ДД» «Диас ДД-1», ЖШС «Бейбитбай», ЖШС «Еркежан ББ», ЖШС «BALAPAN LTD», Райымбек ауданым(1): ЖШС «Халел Омаров» «Гаухар»ББ, Ұйғыр ауданы(2): ЖШС «З.Р.Шаймерденова» ББ «Балдәурен», ЖШС ББ «Еркетай»,  ЖШС «Шадмина».
  • жас топтарына сәйкес білімді, іскерлікті, дағдылар мен құзыреттерді толық көлемде меңгермеу (5 балабақшада). Іле ауданы(3): ЖК «Курманбаева» ББ «Балдәурен», ЖШС «Асыл –А 2017» ББ, ЖШС «Три на VESa», Жамбыл ауданы(1): ЖШС «Димаш-2017» ББ, Қарасай ауданы(1): ЖШС «Бейбитбай».

Орта білім беру ұйымдары

              Жоспарланған 202 мектептің 104-інде немесе 2024 жылға жоспарланғаннан 51%-да аттестаттау өткізілді. Олардың тек 5 (4,8%) аттестатталды: Еңбекшіқазақ ауданы Ж. Қайыпов атындағы орта мектеп, №1 Азат орта мектебі, Абай атындағы мектеп, Жамбыл ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясы және Іле ауданы №15 орта мектеп.

Аттестаттаудан өтпеудің негізгі себептері:    

  • бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жұмыс оқу жоспарлары мен сабақ кестесінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) және Үлгілік оқу жоспарларының талаптарына сәйкес келмеуі (25 мектепте).
  • жалпы білім беру пәндерінің инварианттық компонентінің негізгі мазмұнын меңгермеу (48 мектепте).
  • оқу процесі ерекше білім алуға қажеттілігі бар және жеке мүмкіндіктерді ескере отырып ұйымдастырылмаған (18 мектепте).
  • тәрбиелік жұмыс жүзеге асырылмаған (3 мектепте).
  • таңдау курстары мен вариативті компонент факультативтері жүзеге асырылмаған (30 мектепте).
  • міндетті «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘТД) және жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) курсы жүзеге асырылмаған (28 мектепте).
  • оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар сақталмаған (12 мектепте).
  • жекелеген оқу курстары бойынша бағдарламалар орындалмаған (15 мектепте).
  • kz электрондық журналын толтыру талаптары орындалмаған (45 мектепте).
  • білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бұзылған (36 мектепте).

                  Қазіргі таңда, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік мектебі және Іле ауданы №12 орта мектебі қайта аттестаттау барысында аттестатталмады.

                  Сонымен қатар, 2024 жылдың қазан қараша айында 3 мектепке (Еңбекшіқазақ а. Құрөзек ОМ, Ұйғыр а. Хамраев ат. ОМ, Алатау қ. №5 ОМ) профилактикалық бақылау бару арқылы жүргізіледі (тексеру жүргізу туралы хабарлама берілді).

                 Біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша 26 мектеп қамтылды, нәтижесінде 24 мектепке қатысты әкімшілік істер қозғалды, 17 мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылды.

  Ең жиі кездесетін бұзушылықтар:

  • Профильды емес мамандығы бар педагогтардың (мамандар емес) болуы;
  • Педагогтар арасында педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-мастерлердің үлесінің төмендігі;
  • Асханалардың, буфеттердің болмауы, тамақтану орындарының санитарлық нормаларға сай келмеуі;
  • Медицина кабинеті мен медицина қызметкерлерінің болмауы;
  • Біліктілікті арттыру курстарынан уақытында өтпеу;
  • Пән кабинеттерінің, спорт залдарының болмауы, материалдық-техникалық жабдықтаудың нашарлығы;
  • Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жағдайлардың болмауы;
  • Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмеу.

             Сондай-ақ, 2024 жылы профилактикалық бақылау бару арқылы Шырын орта мектебінде Ұйғыр ауданында жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша нұсқау берілді.

             Сонымен қатар, лицензиялау нормаларын орындамаған үшін, яғни СЭС қорытындылары жоқ Қарасай (34) және Ұйғыр (13) аудандарының 47 мектебіне қатысты әкімшілік шара қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 7,8 млн теңгеден асты.

             2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік аттестаттау 10 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және 108 мектепте өткізіледі. Ағымдағы жылдың қазан айында 44 мектепте, қарашада 38 мектепте, желтоқсанда 10 балабақшада және 26 мектепте.

             Осылайша, 2024 жылы жоспарланған барлық білім беру қйымдарында мемлекеттік аттестаттуамен қамту көзделген.

             Мемлекеттік аттестаттауға түскен мектеп әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде жемқорлықты алыдн алу мәселесі көтеріледі және жүргізілген аттестаттаудың қорытындысы талқыланады.  

            Департамент 2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізді.

           2025 жылы мемлекеттік аттестаттаумен 490 білім беру ұйымын, оның ішінде 410 мектепке дейінгі ұйымды, 80 мектепті қамту жоспарлануда.

           Осылайша, 2021-2025 жылдар аралығында мемлекеттік аттестаттаумен білім беру ұйымдарының жалпы санының 87% - ы қамтылатын болады.

           Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кестесі мен ұйымдардың тізімі Комитетке 2024 жылғы 11 қазанда жіберілді.

           Сонымен қатар, мемлекеттік аттестаттауға қатысқан сарапшылар құрамын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Сарапшылар тізімі 45% жаңартылды. Келесі жылға қалған 55%-дың 30%-ын жанартамыз.

           Бірінші жартыжылдықта өткізілген мемлекеттік аттестаттау қорытындылары Алматы облысының әкімдігіне жіберілді және 2024 жылғы 9 шілдеде және 26 тамызда облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды, аппараттық кеңес барысында берілген ұсыныстар кеңестердің хаттамаларында көрініс тапты.

            

 

Дата публикации
24 октября 2024