Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы
бойынша тоқсандық есепке қосымша (1-МК)
Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2024 жылғы 3-тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық анықтамасы
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру
Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі- Департамент) тарапынан «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 57-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабына, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының және оларға сәйкестікті растайтың құжаттардын тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.
Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі негізінде көрсетіледі.
2024 жылғы 3-тоқсанда департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштің 25-і қаралды (15-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 10-на бас тартылды).
Мемлекеттік қызмет көрсетілген 15 өтініштің қорытындысы негізінде:
3 мектепке лицензия берілді ( «Қаскелең қаласындағы мектеп-гимназия» КММ, «Talim-IQ» ЖШС, «MAQ-Bolashaq» ЖШС),
5 мектеп және 1 колледжге лицензияға қосымша берілді ( «Ұзынағаш ауылындағы мектеп-лицей»-2, «Qazaq-British International school (Science&Innovation)» ЖШС, «Мейір» жекеменшік мектеп-гимназия, «Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi» ЖШС, Сарыжаз техникалық-кәсіптік колледжі-2 ),
4 мектеп және 1 колледждің лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта ресімделді.
Бас тартылған 10 өтініш бойынша:
2 – лицензия, 1-лицензияға қосымша алуға. 7- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен немесе ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмағандықтан дәлелді бас тартылды.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу
Білім туралы құжаттарды апостильдеу «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу»[1] мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде көрсетіледі.
2024 жылдың 3-тоқсанында білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша 98 өтініш қаралды, оның ішінде 82 құжат апостильденді, 16 өтінішке бас тартылды.
Апостильденген құжаттар бойынша:
Елдерге кету картасы:
Бас тартылған құжаттар бойынша:
Департамент тарапынан білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде.
Мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша қағидалар департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған.
Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.
Басшы Е. Жиренбай
орынд. Б. Шыңғысхан
тел. 87781622397
[1] ҚР БҒМ 2020 ж. 18.05 № 209 бұйрығы