Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2024 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық анықтамасы

                                                                                                   Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы

                                                                                                            бойынша тоқсандық есепке қосымша (1-МК)

 

 

Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2024 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы  бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық анықтамасы

 

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

 

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі- Департамент) тарапынан «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 57-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабына, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі,  діни білім беру  ұйымдарының  білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының және оларға сәйкестікті растайтың құжаттардын тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі негізінде көрсетіледі.

2024 жылдың 2-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштің 16-ы қаралды (11-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 5-не бас тартылды).

Мемлекеттік қызмет көрсетілген  16 өтініштің қорытындысы негізінде:                      

3 мектепке лицензия берілді («Алматы облысы білім басқармасы Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп-лицей» КММ, «Алматы облысы білім басқармасы Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көкдала ауылындағы орта мектеп» КММ, «Алматы облысы білім басқармасы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№6 мектеп-лицей» КММ ),

3 мектепке лицензияға қосымша берілді («Алматы облысы білім басқармасы Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 40 жалпы білім беретін орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, «Алматы облысы білім басқармасы Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 25 мектеп-гимназия» КММ),

5 мектептің лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта ресімделді («Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тиірмен ұйғыр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М. Таипов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шошанай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақөзек ауылындағы №10 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Заманбек Батталханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі).

Бас тартылған 5 өтініш бойынша:

3 – лицензия: «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 54 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, «Алматы облысы Білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаскелең қаласындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Үшқоңыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

2- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу: «Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақөзек ауылындағы №10 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мамандандырылған «Арыстан» лицей) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен немесе ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмағандықтан дәлелді бас тартылды.

 

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

 

Білім туралы құжаттарды апостильдеу «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу»[1] мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде көрсетіледі.

2024 жылдың 1-тоқсанында білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша 14 өтініш қаралды, оның  ішінде 8 құжат апостильденді, 6 өтінішке бас тартылды.

Апостильденген   құжаттар бойынша:

  • жалпы орта білім туралы аттестат – 6;
  • техникалық және кәсіптік білім туралы диплом - 2

Елдерге кету картасы:

  • Италия – 3;
  • Польша – 3;
  • Словения – 1;
  • Түркия – 1.

Бас тартылған құжаттар бойынша:

  • жоғары білім туралы диплом – 2;
  • жалпы орта білім туралы аттестат – 2;
  • негізгі орта білім туралы аттестат – 1;
  • табель – 1.

Департамент тарапынан білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде.

Мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша қағидалар департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған.

Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.

               

 

 

 

[1] ҚР БҒМ 2020 ж. 18.05 № 209 бұйрығы

Дата публикации
02 июля 2024