Ағымдағы жылдың 17 маусымында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының хабарлама беру тәртібі субъектілерінің мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізу мәселелері және білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға Білім басқармасы мен білім бөлімдерінің мамандары қатысты.