2024 жылғы 7 маусымда құрамында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен Алматы облысының Білім басқармасы өкілдері бар лицензия алдындағы бақылау жүргізді.
Лицензия алдындағы бақылау шеңберінде комиссия "elicense.kz" порталында берілген мәліметтердің нақты бар-жоғын тексерді.
🔗 Осылайша, комиссия материалдық-техникалық жарақтандыру, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамассыз ету жағдайымен, педагогтердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен және т. б. танысты. Ағымдағы жылғы 11 маусымда комиссия отырысы өтіп, онда № 6 орта мектепке білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия немесе лицензияға қосымша беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылданатын болады.