Алматы облысында оқушылар арасында қорытынды емтихан өткізілді

Алматы облысында оқушылар арасында қорытынды емтихан өткізілді

2024 жылғы 28-29 мамырда Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Талғар, Іле аудандарының және Қонаев қаласының мектептерінде 9, 11 сынып түлектері арасында өткізіліп жатқан қорытынды емтихандарына бақылау жүргізді.
Қорытынды емтихандар 9 (10) – сынып оқушылары үшін ағымдағы жылғы 29 мамыр мен 10 маусым, 11 (12) – сынып оқушылары үшін 28 мамыр мен 11 маусым аралығында өткізілді.
Анықтама үшін:
2023-2024 оқу жылын облыстың жалпы білім беретін 433 мектептерінде 341630 оқушы білім алды (36 жекеменшік мектепте 12674 оқушы). Оның ішінде мектеп бітіруші түлектер саны - 14216. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер саны – 948, «Үздік аттестат» үміткерлерінің саны – 1206.
Сонымен қатар, 5, 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары 2023-2024 оқу жылының соңында қазақ тілінде оқытатын сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен және орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан тапсырды. Ағымдағы жылдың 27 мамырда Департаметтің қызметкерлері қазақ тілінен өткізіліп жатқан емтихан кезінде Академиялық адалдық қағидаттарының сақталуына бақылау жүргізіл

 

ді.

Дата публикации
01 июня 2024