2024 жылдың мамыр айында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Алматы облысында орналасқан 14 балалар сауықтыру орталықтары мен лагерьлерінде жазғы маусым кезінде балаларды қабылдауы үшін дайындықтары мен балалардың өмір қауіпсіздігін қаматамасыз етуі бойынша жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында Департамент қызметкерлері тарапынан балалардың өмір қауіпсізідігіне байланысты, ағымдағы дайындық жұмыстары бойынша ұсыныстар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Анықтама үшін:
Облыс бойынша, 22 лагерь мен балалар сауықтыру орталықтары тіркелген. Оның ішінде 21-і жазғы ауысымды және «Балдаурен» РОСО кешені (жыл бойы балалар қабылдайды).
Қазіргі таңда, облыс аумағында орналасқан 5 лагерь мен сауықтыру орталығы бала қабылдамағандықтан және ашылуы ағымдағы жылдың маусым айының 20-ынан кейінге жоспарланған 2 орталық уақытша жабық болғандықтан, оларға зерделеу жұмыстары жүргізілмеді.