«Білімім – Отаныма» тақырыбындағы тәрбие сағаты

«Білімім – Отаныма» тақырыбындағы тәрбие сағаты

2024 жылғы 24 мамырда Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Балқаш, Іле, Талғар аудандарының және Қонаев қаласының мектептерінде өткізілген тәрбие сағаттарына қатысты.
Осы жылы оқушылар 2023-2024 оқу жылын жаңа форматта аяқтады. Атап айтқанда, облысымыздың мектептерінде бір мезгілде «Білімім–Отаныма» атты бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты аясында Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев бейнеролик арқылы мектеп оқушыларын, педагогтер мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Аталған шара аясында 1-10 сынып аралығындағы оқушылар тәрбие сағаттарына қатысты. 9 және 11 сыныптың түлектері мектеп қабырғасындағы балалық шақтан–болашаққа қадамы туралы өз ойларын эссе жазу арқылы білдірді. Сонымен қатар, оқушылардың 2023-2024 оқу жылындағы жетістіктері мен үлгі істеріне ерекше назар аударылып, марапатталды.

 

 

Дата публикации
25 мая 2024